$ 500.32  545.3  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркияда президентікке үміткер әрі Ыстамбұл мэрі қамалды

Оның үйіне тінту жүргізілген

Түркияда президентікке үміткер әрі Ыстамбұл мэрі қамалды
Фото: Getty Images

Түркия билігі Ыстамбұл қаласының мэрі, оппозициялық саясаткер Экрем Имамоглуды қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркия прокуратурасы мэрге және оның айналасындағы 100-ден астам адамға қатысты қылмыстық іс қозғады. Оларға «қылмыстық ұйым құру», «пара алу», «тендер нәтижелерін бұрмалау» және «жеке деректерді заңсыз пайдалану» секілді айыптар тағылған.

Полиция Экрем Имамоглуның үйіне тінту жүргізіп, оны Ыстамбұлдағы полиция бөлімшесіне алып кеткен. Ұсталғандар қатарында оның баспасөз хатшысы Мурат Онгун мен мэрияның 105 қызметкері де бар.

Түркиядағы Стамбұл университеті прокуратураның сұрауы бойынша Имамоглудың жоғары білім туралы дипломын жарамсыз деп таныды. Ел заңнамасына сәйкес, президенттікке үміткер болу үшін жоғары білімнің болуы міндетті.

Бұл шешім 2027 жылғы президенттік сайлауда қазіргі президент Режеп Тайып Ердоғанға негізгі қарсылас ретінде қарастырылып келген Имамоглуның саяси мансабына үлкен соққы болып отыр.

Оппозиция өкілдері бұл жағдайды Ердоған билігінің сайлау алдындағы қысымы деп бағалады.

 

Серіктес жаңалықтары