18.03.2025, 11:11
Қоғам
Жеңіс күніне арналған әскери парад неге 9 мамыр емес, 7 мамырда өтеді
Биыл парадты өткізуге 2,5 миллиард теңге жұмсалады
Фото: e-history.kz
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылатын әскери парад неге 9 мамырда емес, 7 мамырда өтетінін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, әскери парадтың 7 мамырда өтуі орынды, себебі бұл күні ұлттық мейрамымыз тойланады.
«7 мамыр – біздің ұлттық мерекеміз, Қарулы күштердің құрылған күні. Әскери шерулер бұған дейін де дәл осы датада, яғни 7 мамырда өткен. Сондықтан мұның логикасы осында, оның үстіне ол 9 мамыр қарсаңында аталып өтеді», - деді Кочетов Үкіметте өткен брифингте.
Бұған дейін Жеңіс күніне жоспарланған әскери парадты ұйымдастыруға 2,5 миллиард теңге бөлінетіні хабарланған.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті