$ 500.32  545.3  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.03.2025, 15:00
Қоғам

Ұлттық құрылтай ұлттық бірлікті нығайтуға негіз болды – Ақтөре Ибрагимұлы

Еңбек адамының беделін арттыру – Ұлттық құрылтай ұсыныстары негізінде іске асып жатқан маңызды бастама дейді ол

Ұлттық құрылтай ұлттық бірлікті нығайтуға негіз болды – Ақтөре Ибрагимұлы
Фото: Ақорда

«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы Бурабайда президенттің қатысуымен өткен Ұлттық құрылтай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2022 жылы Ұлытау облысынан бастау алған Ұлттық құрылтай жер шоқтығы Бурабайға жетті. Дәстүрлі жиын Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы, яғни жаңару мен жаңғыру кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Бүгін Бурабайда алқалы жиын – Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтті. Онда мемлекет пен қоғам дамуының маңызды мәселелері, әлеуметтік-экономикалық даму, ұлттық бірегейлік, бірлікті нығайту және басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ осы жылдары қоғамдағы өзекті мәселелерді қамтып, ұлтымызды ұйыстыра білген төртінші басқосуда ауқымды бастамалар көтерілді»,- дейді Ақтөре Ибрагимұлы.

Оның айтуынша, бұл қадамдар – елдің зияткерлік және өндірістік әлеуетін көтеруге бағытталған нақты нәтижелі жұмыстар.

«Жалпы Ұлттық құрылтай билік пен қоғам арасындағы диалог алаңы десек болады. Онда елдің негізгі даму бағыттары бойынша ұсыныстар әзірленеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ата-бабаларымыз әрдайым тағдыршешті шешімдерді бүкіл халық болып талқылаған. Сондықтан да президенттің бастамасымен Ұлттық құрылтай құрылып, Ұлы даладағы демократиялық дәстүрлердің жалғасы ретінде ұлттық бірлікті нығайтуға негіз болды», - дейді атқарушы хатшы.

Ол бұған дейінгі жиындарда жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру, ғылымды қолдау, техникалық білім беруді дамыту басты тақырыптардың бірі болғанын атап өтті. Үшінші отырыста бұл идеялар нақты іске асып, 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі жаңа серпін алды.

«Индустриялық-инновациялық кадрлар даярлау жұмыстары күшейтілді. Колледждер мен техникалық мектептер жаңарып, заманауи зертханалар ашылды. Ғылым саласында жас ғалымдарға құрметті атақтар беріліп, «Болашақ» бағдарламасы бойынша іріктеу жүйесі жетілдірілді. Еңбек адамының беделін арттыру – Ұлттық құрылтай ұсыныстары негізінде іске асып жатқан маңызды бастама», - деп санайды Ақтөре Ибрагимұлы.

Серіктес жаңалықтары