$ 498.25  537.16  5.96
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.03.2025, 17:47
Қоғам

Ұлттық құрылтай дәстүрлі диалог алаңына айналды – «Жастар рухы» филиалының төрағасы

Биылғы құрылтай Бурабайда өтті

Ұлттық құрылтай дәстүрлі диалог алаңына айналды – «Жастар рухы» филиалының төрағасы
Фото: Қорлан Туғамбаеваның жеке архивінен

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ Шығыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы Қорлан Туғамбаева Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұлттық құрылтай дәстүрлі ашық диалог алаңына айналғанына қуаныштымын. Бұл жиында ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын өзекті мәселелер талқыланады. Қоғам үшін, біз үшін маңызы зор бастамалар айтылады, әлеуметтік мәселелер қозғалады, соның нәтижесінде халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар заң қабылданады», - деді Туғамбаева.

Оның айтуынша, әр өңірдің менталитеті, проблемалары, көзқарастары мен ұсыныс-тілектері әртүрлі. Осы жиында мүдделі барлық орган өкілдері құрылтай мүшелерімен осы мәселелерді талқылап, біршама өзгерістер мен жаңа жобалар қарастырады.

«Мәселен өткен отырыста еңбекке баулу, жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты айтылған ұсыныстар аясында биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Құмар ойын үшін қарызға батып, өзіне қол жұмсаған жандардың тағдыры кеңес мүшелерін бейжай қалдырмаған болатын. Кейін онлайн ойындарға қатысты арнайы заң қабылданып, сала оңала түсті. Осы құрылтайда президентіміз «өзара түсіністік пен құрмет бар жерде келісім болады» деп атап өткендей, еліміздің көркейіп дамуы ең алдымен өзімізден басталады. Әрқайсысымыз адал еңбек етіп, сапалы біліп алып, бір-бірімізге құрмет көрсетуіміз керек деп ойлаймын», - деп пікір білдірді филиал төрағасы.

Серіктес жаңалықтары