14.03.2025, 16:31
Қоғам
Ұлттық құрылтайдың келесі отырысы Қызылордада өтетін болды
Биыл Ұлттық құрылтай мүшелері Бурабайда бас қосты
Фото: Қызылорда әкімдігі: Instagram
2026 жылы Ұлттық құрылтай кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өтеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Соңғы жылдары біз ұлттық бірегейлігіміздің маңызды факторы – тарих ғылымының дамуына ерекше көңіл бөліп жатырмыз. Бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толып отыр. Осы ретте Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын», - деді Тоқаев бүгін Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда.
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 07:29
Астанада жаңбыр қарға ұласып, Шымкентте найзағай ойнайды: үш мегаполисте ауа райы құбылады
22.11.2026, 13:15
СҚО-да жабылған тасжолдардағы қозғалыс қайта ашылды
22.11.2026, 06:19
Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы Ташкентте әлем чемпионы атанды
