$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.03.2025, 13:13
Қоғам

Жалақымның жартысынан айырылдым – «Бәйтерек» холдингінің басшысы

Ал сыйақы алу үшін тіпті «мінсіз» қызметкер болу керек дейді Қарағойшин

Жалақымның жартысынан айырылдым – «Бәйтерек» холдингінің басшысы
Фото: gov.kz

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин қызметкерлердің жоғары жалақысы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жалақыға тоқталсам, мен жеке сектордан келгенде жалақымның жартысынан айырылдым. Ұлттық компанияларда жалақы коммерциялық секторға қарағанда жоғары деп айтпас едім. Өкінішке қарай, жалақы мөлшерін атай алмаймын, себебі оның сомасы белгілі бір қаулылармен реттеледі», - деді Қарағойшин Үкіметте өткен брифингте.

Оның айтуынша, қызметкерлер үшін сыйақы жылына максималды алты еңбекақыны құрайды. Бірақ оны алу үшін қызметкер «мінсіз» болуы керек.

«Алайда қызметкер оны алу үшін «мінсіз» болуы керек, жұмысқа ешқашан кешікпей, мемлекет аталған бағытта қойған барлық міндетті орындауға тиіс», - деді басқарма төрағасы.

Серіктес жаңалықтары