03.03.2025, 17:36
Қоғам
ТМД аумағында талай әйелді «арманына жетелеген» танымал блогер 5 жыл түрмеде отыратын болды
Ол сонымен қатар ірі көлемде айыппұл төлейді
Фото: РИА Новости
Мәскеудің Савеловский соты танымал блогер, «Армандар марафонының» авторы Елена Блиновскаяны салық төлеуден жалтарғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жалпы режимдегі колонияда жазасын өтейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жазадан бөлек оған:
- 1 миллион рубль айыппұл салынды
- 587 миллион рубль ақша мемлекет пайдасына тәркіленді
- 4 жыл бойы коммерциялық қызметпен айналысуға тыйым салынды
- Барлық мүлкі мемлекет меншігіне өтті
Сот бір эпизод бойынша жазадан босатты, себебі қылмыстық істің мерзімі өтіп кеткен. Прокурорлар Блиновскаяға 6 жыл түрме жазасын сұраған болатын.
Тергеу мәліметінше, Блиновская бизнесін бірнеше шағын компания мен жеке кәсіпкерлікке бөліп, жеңілдетілген салық жүйесін қолдану арқылы 900 миллион рубль салық төлеуден жалтарған.
Қамауға алу тарихы:
- Сәуір 2023: ол Беларусь шекарасында ұсталды
- Қаңтар 2024: ол тергеу изоляторына қамалды
- 2024: Тергеу барысында өз кінәсін мойындады
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды