$ 502.89  527.03  5.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Коронавирус кет, кет, кет» деп шырқаған Марат Омаров енді Америкаға ән арнап, желіні шулатты

Оның бұған дейін «Коронавирус кет, кет, кет» деген ерекше өлеңі болған

«Коронавирус кет, кет, кет» деп шырқаған Марат Омаров енді Америкаға ән арнап, желіні шулатты
Фото: скриншот

ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші-композитор Марат Омаров Американың Майами қаласына арнап ән айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видеосын бөлісті.

«Майами, Майами әрқашан тамаша, тамаша» деп ағылшын тілінде ән салған Марат Омаров Америкадағы отандастарға арнап концерт берді.

«Америкадағы өнер сүйер қауымға көп рахмет, сіздердің арқаларыңызда концерт өте жақсы деңгейде өтті!» - деп жазды ол.

Желі қолданушылары қазақ әншісіне әртүрлі пікір қалдырып жатыр.

«Коронавирус кет, кет, кет, деп қосып қоймадыңыз ба», «Туған жеріңізге бір ән арнамап едіңіз, тойған жеріңізге болып кеткен жоқ па», «Нью-Йорк туралы ән жазыңызшы», «Елде болып ән шығармайсыз ба, не істеп жүрсіз», - деп жазды көпшілік.

Серіктес жаңалықтары