$ 502.89  527.03  5.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 10:58
Қоғам

Аукцион өтпей қалды: Мәсімовтің 1,8 млрд теңге тұратын зәулім сарайын ешкім сатып алғысы келмеген

25 ақпанға жоспарланған аукцион өтпей қалды

Аукцион өтпей қалды: Мәсімовтің 1,8 млрд теңге тұратын зәулім сарайын ешкім сатып алғысы келмеген
Фото: ҰҚК

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің сатылымға шығарылған зәулім сарайы өтпей жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін аукцион 25 ақпан күні сағат 10.00-ге жоспарланғанын жазған едік. Алайда E-Qazyna веб-платформасында сауда-саттық өтпегені хабарланды. Себебі аукцион басталған сәтте үйді сатып алуға ниет білдіргендер болмаған.

Кәрім Мәсімовтің жер үйі елорданың Нұра ауданында Ерейментау көшесінде орналасқан. Зәулім сарайдың бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге, ал кепіл жарнасы 117,9 млн теңгені құрайды. Үйді сатылымға Қайтарылған автиктерді басқару компаниясы шығарған болатын.

Естеріңізге салайық, Мәсімов ұсталғаннан кейін осы үйден 17,2 млн доллар қолма-қол ақша, қымбат сағат, алтын құймалар мен антиквариат және тағы басқа құнды заттар тәркіленген болатын. Зәулім сарайдың ішінде бассейн, жаттығу залы, би алаңы мен кинозал бар.

ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасағаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Серіктес жаңалықтары