$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысының бұрынғы әкімі, экс-сенатор қайтыс болды

Ол 1966 жылы дүниеге келген

Алматы облысының бұрынғы әкімі, экс-сенатор қайтыс болды
Фото: facebook.com/zhanbolatakebaiuly Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/society/2222286-almaty-oblysynyng-buryngy-akimi-angsar-musahanov-omirden-otti/

Алматы облысының бұрынғы әкімі Аңсар Мұсаханов өмірден өтті. Бұл туралы Сенат депутаты Жанболат Жүргенбаев жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қоғам және мемлекет қайраткер, ардақты азамат, асыл дос Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлының дүниеден озуына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Осындай ауыр күнде қаралы көңілдеріңізге жұбаныш, қайысқан қабырғаларыңызға медет тілеймін. Аңсар Тұрсынханұлы еңбек жолын ауылшаруашылығы саласынан бастап, ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Алматы облысының әкімі, Жамбыл, Қарасай аудандарының әкімі лауазымдарын зор абыроймен атқарып, облыстың, ауданның қоғамдық-саяси қызметтердің ортасында жүріп, жауапты қызметтерде халықтың ризашылығына бөленген ардақты жан еді», - деп жазды сенатор.

Оның айтуынша, өмірде болмысы бөлек, ұстанымы берік Аңсар Мұсахановтың айтар асыл ойлары мен халқына берер пайдасы мол еді.

«Өмірлік жолында адал еңбек етіп, абыроймен өткізген, оң істерінің жемісін қалдырған ардақты азаматтың жарқын бейнесі әрдайым жадымызда.Марқұмның жасаған жақсылықтары сауаптан жазылсын, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Артында қалған ұрпақтарына және жақын туыс-бауырларына ұзақ өмір, амандық тілеймін. Жаратқан ұрпағына ұзақ ғұмыр нәсіп етсін. Асыл азаматтың иманы саламат болсын», - деп көңіл айтты ол.

Серіктес жаңалықтары