Алакөл туристерді қабылдауға дайын
Демалушылар қауіпсіздік жағдайларын сақтай отырып, жағажайға шомылуға келе алады

Шипалы Алакөлге жолдамаларды брондау мен сату басталды. Шығыс жағалауының инфрақұрылымын жетілдіру үшін, сондай-ақ автомобиль жолдарын жөндеуге Шығыс Қазақстан облысы бюджетінен 6 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Әуе, теміржол мен автобус жолдарының дестинация бағыты толық көлемде жаңартылды, жол ақысының тарифін мемлекет қаражыландырады. Әдетте, 15 маусымнан басталатын туристік маусым биыл облыстың бас санитар дәрігері Марат Исмаиловтың қаулысынан кейін ғанан ашылады.
Шығыс жағалауда 11 552 демалушыларға арналған 176 кешен іске қосылған. Олардың барлығын онлайн брондауға болады. Бір адамның тәуліктік тұру бағасы 2 600 – 10 500 теңге аралығында.
«Біз алғаш рет республика, сонымен қатар, облыс көлемінде санитар дәрігердің қаулысымен туристерді орналастыру нысандарының жұмыстары реттелген пандемия жағдайында жұмыс істейміз. Туристік бизнестің барлық субъектісі бұл жағдайдың тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде орын алғанын түсінеді, сондықтан карантиндік шаралардан шаршаған қазақстандықтардың демалысы жоғары деңгейде болуы үшін бар мүмкіндікті жасайды», - деді облыстық Туризм басқармасының басшысы Марат Қабақов.
Алакөлдің шығыс жағалауының барлық демалыс базасында жеке қорғаныс заттары, (медициналық бір реттік бетперделер, бір реттік стерилденбеген қолғаптар), зарарсыздандыру заттары, оның ішінде қолды жууға арналған антисептиктер, сондай-ақ, температураны өлшеуге арналған байланыссыз термометрлер орнатылған. Ал, маска сынды жеке қорғаныс құралдары демалушылардың өздерінде болуы керек. Облыстың бас санитар дәрігері Марат Исмаиловтың берген ақпараты бойынша, ШҚО-да коронавирустың таралу деңгейі Қазақстанда ең төмен көрсеткіштердің біріне ие, сондықтан демалушыларға шамадан тыс артық талаптар қойылмайды.
«Семей мен Өскемен қалаларының әуежайына келген барлық жолаушы COVID-19 экспресс-тестін тапсырады. Әуежайларда, теміржол мен автовокзалдарда міндетті түрде медициналық бетперде киіп, арақашықтықты сақтап, санитайзерлерді қолдану керек. Бұдан басқа, келетін және кететін жолаушылар үшін жеке дәліздер жұмыс істейді, әуежай мен вокзал ғимараттарында жолаушыларды шығарып салуға тыйым салынады. Алакөлдің туристік индустрия субъектілері жоғары деңгейдегі қызметті ұсынумен қатар, бөлме мен аумақтарды қосымша зарарсыздандыру жұмыстарын, қызметкерлер мен қонақтар үшін жеке қорғаныс заттарымен, тамақтанудың арнайы тәртібімен қамтамасыз етеді», - деді Марат Исмаилов
Бұдан басқа, Алакөл дестинациясының туристік операторлары туристер коронавирус бойынша және эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты демалыстан бас тартқан жағдайда немесе демалысты үзген жағдайда қаражатты қайтаруға дайын.
Әмірболат Құсайынұлы, Алматы