$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.05.2020, 13:56
Қоғам

ҰБТ өтетін орындарда тепловизор, дезинфекциялық тоннель болады

Биыл ҰБТ-ны 131 мыңнан астам түлек тапсырады

ҰБТ өтетін орындарда тепловизор, дезинфекциялық тоннель болады
фото: pixabay.com

ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі. Бүгін вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық барысы қаралды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес, биыл ҰБТ-ны 131 мыңнан астам түлек тапсырады. 150 өткізу орны белгіленген. Барлық ҰБТ өткізу орындары тепловизор, дезинфекциялық тоннель және аяқ киімді зарарсыздандыруға арналған кілемшелер, медициналық пунктер, санитайзерлер, маскалармен қамтамасыз етіледі.

Е. Тоғжанов қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҰБТ-ны өткізудің санитарлық-эпидемиологиялық талаптары бойынша нұсқаулықты әзірлеу қажет екеніне, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, санитарлық талаптарды міндетті түрде орындау, оқушыларды тестілеу орындарына жеткізудің қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруға назар аударып, тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары