Сенат депутаты Серік Өтешов өз пікірін білдірді
Бүгін Сенатта Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы қаралып жатыр. Кулуарда Azattyq Rýhy тілшісінің сұрағына жауап берген Сенат депутаты Серік Өтешов Қазақстанның әрбір қаласы салауатты өмір салтына қарай бет алу керек деген ойын айтты.
«Қазір Қазақстанда біраз ауыл ішімдікпен тас тартып жатыр. Қателеспесем, 30 ауыл. Енді бүгінгі заң жобасында осы мәселе айтылады. Бұл – әрине, біріншіден қала тұрғындарының шешімі. Бәріміз де салауатты өмір салтын қолдаймыз», - дейді ол.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Түркістан облысының полиция департаменті облыста 27 ауыл ішімдік сатудан бас тартқанын хабарлаған еді.