Түркістан облысында 27 ауыл ішімдік сатудан бас тартты (ВИДЕО)
Сарыағаш ауданының Мәдениет ауылында 1500-ге жуық халық тұрады
![Түркістан облысында 27 ауыл ішімдік сатудан бас тартты (ВИДЕО)](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/11/67ab0fda217cf213784253.jpg)
Түркістан облысында жиырма жетінші ауыл тұрғындары алкоголь сатудан бас тартты, бұл құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікке оң әсерін тигізеді. Себебі алкоголь сатылмайтын елдімекендерде соңғы жылдары бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сарыағаш ауданының Мәдениет ауылында 1500-ге жуық халық тұрады. Учаскелік инспектор Мұрат Төлегенов атап өткендей, екі жыл ішінде елдімекенде бірде-бір қылмыс болмаған. Сондай-ақ полиция қызметкері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізеді.
«Жақында елдімекен «Ішімдіксіз ауыл» жобасына енгізілді. Ал бұл бастамаға жергілікті тұрғындар, ақсақалдар, белсенділер бірауыздан қолдау білдірді», - делінген ПД хабарламасында.