$ 501.31  520.11  5.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 09:35
Қоғам

Ақсудағы қарттар үйінің қызметкерлері 84 жастағы әжені қыс ішінде далаға киімсіз шығарып, әдейі тоңдырған

Облыстық прокуратура қорқынышты фактілерді жария етті

Ақсудағы қарттар үйінің қызметкерлері 84 жастағы әжені қыс ішінде далаға киімсіз шығарып, әдейі тоңдырған
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысындағы қарттар үйінің қызметкерлері сондағы дәрменсіз қарияларды қорлады деген ақпарат бұған дейін де расталған еді. Ал бүгін облыстық прокуратура Ақсу қаласында мемлекеттен қаржы алып отырған пансионаттың сұмдық әрекеттерін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратура мекеме ішіндегі камералардың жазбасын қарап, жаға ұстаған.

«Пансионат қызметкерлері осы қарттар үйінде өмір сүріп жатқан екі қарияны ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен. Қариялардың бірі тіпті 84 жастағы әже.  Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында далаға сырт киімсіз шығарып, далада ұстаған», - деп хабарлайды Павлодар облысының прокуратурасы.

Қазір осы іске кінәлі тұлғалардың бәрі анықталып, тергеу басталған.

Серіктес жаңалықтары