$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарттар үйінің қызметкерлері 20 қарияны азаптап, пәтерлерін жалға беріп келген

Пәтерін жалға бергендер арасында қайтыс болған қариялар да бар

Қарттар үйінің қызметкерлері 20 қарияны азаптап, пәтерлерін жалға беріп келген
Фото: freepik.com

Павлодарда қарт адамдарды азаптап, алаяқтықпен айналысып келген қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар қаласының прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады.

«Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқығын өрескел бұзған (тамақтануды, қозғалысты шектеді, ұрып-соқты) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген.

Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары