$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысындағы сәбилердің өлім-жітіміне көбіне не себеп болады

Аймақта 10 айда 58 сәби шетінеп кеткен

Атырау облысындағы сәбилердің өлім-жітіміне көбіне не себеп болады
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы балалар арасындағы өлім-жітімнің статистикасын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Атырау облысында 2024 жылдың 10 айында 58 нәресте шетінеген. 2024 жылдың 10 қорытындысы бойынша 1 жасқа дейінгі нәресте өлімі 6,7 %, 2023 жылдың 10 айында бұл көрсеткіш 8,3% тең болған. Яғни, былтырмен салыстырғанда 19,2% төмендеп отыр.

Нәрестелердің өліміне шала даму, жұқпалы паразитті ауру, оқыс жағдай, тыныс алу дерті себеп болған.  

1 жастан 5 жасқа дейінгі 24 бала көз жұмған. Былтыр осы уақытта 27 бала дүние салған. Өткен жылмен салыстырғанда өлім-жітім 16,3% төмендеді.  

2024 жылдың 10 айында 1476 ер адам қайтыс болған. Алайда медициналық ақпараттық жүйеде қайтыс болған науқастардың орта жасы көрсетілмеген екен.

Айта кетсек, Azattyq Rýhy редакциясы аймақтардағы денсаулық сақтау басқармаларына сәби, ер мен әйелдің өлім-жітімі жайлы ресми сауал жолдаған болатын. Осыған дейін Шымкент, ШҚО, СҚО және БҚО-дағы статистика жайлы жазған едік.

Серіктес жаңалықтары