14.01.2025, 09:37
Жаңалықтар
Ресейде есірткі сатқаны үшін іздеуде болған ер адам Алматыда қолға түсті
Ресейде ол үйқамақта болған, алайда қашып кеткен
Фото: Алматы ПД
Ресейде есірткі қылмысы үшін іздеуде болған ер адам Алматыда қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық ПД мәліметінше, 26 жастағы Станислав Конаков есірткі қылмысын жасағаны үшін Ресей Федерациясы ІІМ мемлекетаралық іздеуге жариялаған.
Сот оған бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу туралы шешім қабылдаған болатын. Алайда, күдікті қашып кеткен.
«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қашқынды Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсірді.
Ол қаладағы тұрғын үйлердің бірінде жасырынып жүрген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр», - делінген ПД хабарламасында.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады