Бүгін, 14:37
Қоғам

Шымкентте 43 жүкті келіншек декретке шыққанда 193,8 млн теңге жымқырған – олардың «басшысы» алты жылға сотталды

Әйел жазасын үш жылдан кейін өтейді

Шымкентте 43 жүкті келіншек декретке шыққанда 193,8 млн теңге жымқырған – олардың «басшысы» алты жылға сотталды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Шымкент қаласында 43 жүкті әйел декретке шыққан кезде Мемлекеттік сақтандыру қорынан 193,8 млн теңге жымқырғаны анықталды. Осы схеманы ұйымдастырды деген әйел 6 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Жергілікті «Отырар» телеарнасының жазуынша, бұл «жаттанды» схема бойынша әйелдер тек құжат жүзінде жеке кәсіпкерлердің қызметкерлері ретінде тіркелген.  жеке кәсіпкерлер ол әйелдер үшін зейнетақы аударымдарын аударған. Ең қызығы, прокуратураның ақпаратына сүйенсек, әйелдер құжаттарын тапсырып, декреттік төлемін алғаннан кейін жеке кәсіпкерлер зейнетақы жүйесіне аударған салымдардың «қате» болғанын айтып, ақшаларын қайтарып алып отырған.

Осылайша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бюджеті 193,8 млн теңгеге кеміген.

Сот осы схеманы ұйымдастырған әйелді кінәлі деп тауып, оны алты жылға соттаған. Ол жазасын үш жылдан кейін өтейді.

Шымкент қаласының соты 29 жастағы әйелді 21 келіншектің босану және артынан баласы 1,5 жасқа толғанша алатын жәрдемақысын заңсыз жолмен көбейтіп бергені үшін 5 жылға сотталған еді.