$ 506.43  522.43  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.02.2025, 16:40
Қоғам

Қазақстанда 342 жетімді асырап алған адамдар балаларды аса қиын жағдайда ұстаған

Прокурорлар балаларды мемлекет қарауына қайтып алды

Қазақстанда 342 жетімді асырап алған адамдар балаларды аса қиын жағдайда ұстаған
Фото: istockphoto.com

Елімізде 342 баланы асырап алған отбасылар оларды аса ауар жағдайда ұстаған. Құқық қорғау органдары бұл балалардың бәрін мемлекеттің қамқорлығына қайтып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов мәлім еткен. Оның мәліметіне сүйенсек, 2023 жылдан бастап Бас прокуратураның бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде балалардың құқықтарын қорғауға, зорлық-зомбылық фактілерін анықтауға және уақтылы көмек көрсетуге бағытталған екі жоба жұмыс істеп келеді.

«Соның бірі – «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында прокурорлар балаларға қатысты қауіп немесе зорлық-зомбылық фактілерін анықтау үшін 63 мыңнан астам отбасыны аралаған. Бала асырап алған, оларды қамқорлығына алған адамдарға қатысты 93 тергеу басталған. 11 мың ата-ана мен заңды өкіл бала тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 342 бала аса ауыр жағдайға тап болғандықтан, мемлекеттің қамқорлығына алынды», - деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары