Қазақстандықтардың орташа жалақысы 434 мың теңгеге жетті
Бұл жыл соңында берілген мерекелік сыйақымен байланысты дейді статистика бюросы
![Қазақстандықтардың орташа жалақысы 434 мың теңгеге жетті](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/10/67a9e12913e55356987974.jpeg)
2024 жылдың соңында Қазақстанда орташа жалақы 434 982 теңгеге жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, 2024 жылғы IV тоқсандағы медианалық жалақы 308 717 теңге болған. Ал орташа жалақы 435 мың теңгеге жақындаған.
«Шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда, атаулы жалақының орташа мәні 434 982 теңгені құрады. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға, нақты мәнде – 1,8%-ға өскен», - делінген хабарламада.
Төртінші тоқсанда орташа жалақының өскені жыл соңында берілетін қосымша төлемдер және мерекелік сыйақыларға байланысты болған.
Өңірлер арасында орташа жалақы ең көп Алматы және Шымкент қалаларында – 13,6%-ға, Қарағанды облысында – 13,2%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында – 12,9%-ға және Ақтөбе облысында – 12,6%-ға көтерілген.
Ал салалар бойынша, ең жоғарғы өсім ақпарат және байланыс – 32,8%-ға, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 22,7%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 20,3%-ға саласында байқалды.
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында – 7,6%-ға, білім беру саласында 5%-ға ұлғайған.