Наурыздан бастап Алматыдан Балқашқа тікелей пойыз жүреді: билет бағасы белгілі болды
Бұрын Балқаштан Алматыға жету үшін жолаушылар пойыз ауыстыратын
![Наурыздан бастап Алматыдан Балқашқа тікелей пойыз жүреді: билет бағасы белгілі болды](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/10/67a9ceca6618b577492352.jpeg)
Биыл наурыз айынан бастап Алматы мен Балқаш арасында тікелей пойыз қатынайды. Билет бағасы 7 700 теңгеден басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін Балқаш тұрғындары Алматыға жету үшін алдымен Сарышаған станциясына жетіп, сол жерде басқа пойызға ауысуға мәжбүр болатын.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2025 жылғы 1 наурыздан бастап Алматы мен Балқаш арасында тікелей теміржол қатынасын ашады. Тікелей бағыт іске қосылғаннан кейін жол жүру уақыты қысқарып, сапар әлдеқайда қолайлы әрі ыңғайлы болмақ. Сонымен қатар, бұл бағыт, әсіресе демалыс маусымы қарсаңында, өңірдің туристік әлеуетін дамытуға серпін беретін маңызды жобаға айналады», - дейді ұлттық тасымалдаушы.
Пойыз күнара қатынайды:
- Балқаш-Алматы: жұп күндері сағат 07:52-де жөнелтіледі, Алматыға 00:58-де келеді.
- Алматы-Балқаш: тақ күндері сағат 00:10-да жөнелтіледі, Балқашқа 15:03-те келеді.
Пойыз құрамында бір купе және бір плацкарт вагоны бар. Купеде – 36, плацкартта – 54 орын. Осылайша, пойыз бір сапарда 180 жолаушыға дейін тасымалдай алады.
Билет бағасы 7 722 теңгеден басталады, деп атап өтті «Жолаушылар тасымалы» АҚ.