$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Депутат Ақтаудағы ұшақ апатының зерттеу есебіне қатысты пікір білдірді

Ол әлі де толық зерттеу жүргізілуі керек деп есептейді 

Депутат Ақтаудағы ұшақ апатының зерттеу есебіне қатысты пікір білдірді
Фото: ТЖМ

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Айдос Сарым Ақтау маңына құлаған Әзербайжан ұшағына қатысты есептің қорытындысы туралы ойын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутаттың айтуынша, Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағының апатына қатысты жайттың тізбегі қалыптасып келеді.

«Бұл әзірге алғашқы есеп, халықаралық ұйымдардың талабы бойынша онда барынша эмоция аз болуы керек және болған оқиғадағы нақты фактілерді ғана қамту қажет. Барлық құрылғылар мен қара жәшіктердің деректерін ұсыну керек, сондай-ақ тіркелген зақымдарды көрсету керек. Алғашқы баяндаманы толық зерттеудің бастамасы ретінде қарастырсақ болады. Ұшаққа әсер етуі мүмкін бүкіл бөлшектер анықталып, олар қандай-да бір қарудың бөлшегі ме, қандай металдан жасалған, қай елге тиісілі екенін зерттеу керек», - деді депутат.

Еске салайық, кеше көлік министрлігі 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағының апатына қатысты тергеудің алдын ала нәтижелері бойынша есеп берген болатын.

Серіктес жаңалықтары