$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.02.2025, 09:16
Қоғам

Үкімет Қаражал қаласына жаңа мектеп салып беру үшін арнаулы қордан 1,4 млрд теңге бөлді

Бұл қаражат жемқорлардан қайтарылған ақша

Үкімет Қаражал қаласына жаңа мектеп салып беру үшін арнаулы қордан 1,4 млрд теңге бөлді
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Ұлытау облысындағы Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салу үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің мәліметіне сүйенсек, мектеп қаладағы «Вокзал» шағын ауданында салынады. Өйткені, осы аудандағы оқушылардың көбі мектеп жоқ болған соң, қаланың басқа аудандарына қатынап жүр.

«Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандардыі салуға шамамен 56,6 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында Атырау облысының Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай ауылындағы мектептер, Түркістан облысының Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола облысының Зеренді ауылындағы спорт кешені, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана және Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар», - деп хабарлайды үкімет.

Серіктес жаңалықтары