$ 506.21  568.42  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қырғызстан мен Тәжікстан өз азаматтарын бөліп көшіріп алады»: шекара мәселесіне нүкте қойылмақ

Екі ел 1-2 жылдай демаркация жұмыстарын жүргізеді

«Қырғызстан мен Тәжікстан өз азаматтарын бөліп көшіріп алады»: шекара мәселесіне нүкте қойылмақ
Фото: istockphoto.com

Қырғызстан мен Тәжікстан даулы шекара мәселесінде екіжақты мәмілеге келді. Бұл туралы қырғыз президенті Садыр Жапаров айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шекара мәселесі іс жүзінде шешілді. Қазір құжаттық рәсімдеу бойынша екіжақты жұмыстар жүргізілуде. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін үкіметаралық комиссиялар құрылып, содан кейін Сыртқы істер министрлері құжатқа қол қояды. Осы рәсімдерден кейін келісімді екі елдің парламенттері ратификациялайды. Әрі қарай құжатқа біз, екі елдің президенттері қол қоямыз. Содан кейін ноталар алмасу болады, 1-2 жылдай демаркация жұмыстары жүргізіледі. Осыдан кейін ғана процесс толығымен аяқталады», - деді президент.

Садыр Жапаров шекара бойында шахмат іспеттес аралас орналасқан қырғыз-тәжік ауылдарының қалай бөлінетінін айтты.

«Егер біздің жағымызда Тәжікстан азаматтарына тиесілі үйлер болса, тәжік тарапы оларды өздеріне көшіреді. Егер біздің үйлер олардың жағында болса, біз өз азаматтарымызды көшіреміз. Жер учаскесінің көлемін ескере отырып, оларға басқа жерден үй салып береміз», - деді ол.

Айта кетсек, қырғыз-тәжік шекарасына байланысты дау көптеген жылдар бойы жалғасып келеді, қарулы қақтығыстардан жүздеген адам қаза тапқан еді.

Серіктес жаңалықтары