28.01.2025, 09:50
Қоғам
Қазақстандағы алаяқтардың нөмірін енді WhatsApp-бот арқылы тексеруге болады
Астананың прокуратурасы осы әдісті алты айдан бері қолданып келеді
Фото: istockphoto.com
Астана қаласының прокуратурасы осыдан алты ай бұрын алаяқтардың нөмірін тексеруге болатын WhatsApp-бот ашқан. Оған осы уақытқа дейін 30 мың адам хат жазған екен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, ботқа күніне кемі 100 адам хабарлама жібереді екен.
«Адам алаяқтың нөмірі болуы мүмкін деген күдікті нөмірді осы WhatsApp-ботқа (8-747-680-02-10) жібереді. Деректерді талдағаннан кейін бот ұсынылған нөмір бойынша тұлғаның алаяқтық белгілерін анықтайды. Осылайша, адамдар қандай да бір тауарды сатып аларда немесе ақша аударарда, нөмір алаяқтарға қатысты ма, жоқ па, оңай анықтай алады», - деп хабарлайды прокуратура.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
