ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.01.2025, 12:05
Қоғам

Медициналық сақтандыру қоры Денсаулық министрлігінің банкіне айналды – депутат

Бар ақшаның өзі тиімсіз жұмсалады деп отыр Аймағамбетов

Медициналық сақтандыру қоры Денсаулық министрлігінің банкіне айналды – депутат
Фото: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Парламент Мәжілісінің депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Денсаулық сақтау министрлігінің жеке банкіне айналғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Денсаулық сақтау министрлігінің банкіне айналды. Азаматтар мен дәрігерлер жүйесіз және дұрыс ойластырылмаған реформалардың тұтқыны болып отыр, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы төмендеді, МӘМС халықтың алдында сенімінен айырылды. Бір жағынан ақша жетіспеушілігі де бар, оның үстіне қазіргі тарифтер сапалы емдеуге мүмкіндік бермейді. Бірақ тіпті осы ақшаның өзі көбіне тиімсіз жұмсалып жатыр», - дейді Аймағамбетов Мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Депутаттың пікірінше, МӘМС жүйесіне мұқият ойластырылған жүйелі реформалар қажет.

«Қазіргі проблемалар бір жыл ішінде пайда бола салмағанын мойындау керек. Олар бұрыннан бар және жүйелі сипатқа ие. Алайда бұл тек бір ғана Денсаулық сақтау министрлігінің, Ақмарал Әлназарованың және оның жаңа командасының жауапкершілігі емес. Мұндай жүйелі мәселелерді де жүйелі түрде шешу керек», - деп мәлімдеді мәжілісмен.  

Серіктес жаңалықтары