Төртінші тоқсанда 3 мыңнан астам бейнесабақ көрсетілді
Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады

1-11-сыныптарға арналған телесабақтар түсірілімі 23 наурыз күні басталды. 6 сәуірден бастап олар «Balapan» және «EL ARNA» телеарналары арқылы көрсетіле бастады. Сонымен қатар, сабақтар аталған арналардың сайттары арқылы тікелей трансляцияда көрсетіліп, радио арқылы таратылды және жергілікті телеарналар арқылы ретрансляцияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Online Mektep» жобасы аясында 42 пән бойынша 3 мыңнан астам сабақ әзірленді. Әр бейнесабақ үшін 7 500 жаттығу, 12 500 тесттік сұрақтар дайындалды, 100-ден астам анимациялық бейнероликтер көрсетілді. Жобаға Нұр-Сұлтан қаласының 160 мұғалімі, «Bilim Media Group» компаниясының 111 қызметкері, 40-тан астам әдіскер қатысты. 9 түсірілім студиясы, 20 монтаждау станциясы жұмыс істеді», - деп жазылған хабарламада.
Түсірілім екі ай бойы демалыссыз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жүргізілді. Жұмыс барысында санитарлық-гигиеналық қауіпсіздік шаралары қатаң қадағаланды.