Үздік бестік: Қазақстандықтар қандай газет-журналдарға жазылады
Жыл басынан бері «Қазпошта» арқылы қазақстандықтар 108 363 590 газет-журналға жазылған
«Қазпоштаның» баспасөз қызметіның хабарлауынша, Республикалық газеттердің үздік бестігіне «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Ана Тілі», «Казахстанская правда» және «Ұйғыр авази» басылымдары кірді. Аймақтық көшбасшылар арасында – «Жетісу», «Ақтөбе», «Оңтүстік Қазақстан », «Огни Алатау», «Аq Jol», газеттері бар.
Айта кету керек, ел бойынша барлығы 204 республикалық және 521 аймақтық газет жазылым бойынша таратылады.
Жазылу бойынша республикалық басылымдардың үлесі 45%-ды, өңірлік басылымдардың үлесі 54%-ды құрады. Тираждың 1%-ы халықаралық мерзімді басылымдарға тиесілі.
«Қазақстандықтар Қазақстан, Ресей, Беларусь және Украинаның 3 мыңнан астам газет-журналдарына «Қазпошта» арқылы жазылу мүмкіндігіне ие»- делінген хабарламада.
Газет-журналға жазылу ауылдарда көп тіркелген: барлық таралымның 73%-ы. Ауыл тұрғындары облыстық, қалалық және аудандық басылымдарға жазылғанды (жалпы тираждың 58%-ы) жөн көреді. Жазылу бойынша Қазақстанның өңірлері арасында Алматы, Қызылорда, Қарағанды және Жамбыл облыстары көш бастап тұр.