$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«20 минуттан кейін келді»: Астанада әйел адам ұйықтап жатқан баласын қызып тұрған көліктің ішіне тастап кеткен (ВИДЕО)

Оқиға куәгерінің айтуынша, әйел дүкенге барып келдім деген 

«20 минуттан кейін келді»: Астанада әйел адам ұйықтап жатқан баласын қызып тұрған көліктің ішіне тастап кеткен (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Астанада әйел адам ұйықтап жатқан баласын қызып тұрған көлігінің ішіне тастап, 20 минутқа жоғалып кеткен,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаны өз көзімен көріп, видеоға түсіріп алған адамның айтуынша, әйел жүк көліктер тұратын жерге келіп тоқтап, көлігін сөндірместен, баласын тастап, кетіп қалған. Ол арада 20 минут уақыт өткенде келіп, алдымен кешірім сұраған, артынша баласына не істесе де өзі білетінін айтып, куәгерді жазғырған. 

«Әйел адам көлігін оталдырып, ішіне баласын тастап кеткен. Көлігін жүк тиейтін аймаққа қойған. 20 минуттай күтіп тұрдым. Артынан ә дүкеннен шығып, кешірім сұрай бастады. Одан соң «бала менікі, не істесем де өзім білемін» деп ашулана бастады. Өкінішке қарай, полицейлер кеш келді. Олар келгенше әйел адам кетіп қалды»,- дейді видео авторы.

Видеоның астына пікір жазған көпшілік әйелді бұл әрекеті үшін сынап, жауапқа тарту керек деген. 

«Бала уланып қалса не болар еді? Бұл ананың жауапсыздығы. Осылай істеуге бола ма? Басына не іс түссе де, баланы осылай қалдырмау керек», - деп жазды олар.

 

Серіктес жаңалықтары