«Әкем әпкемді қауып алған итке мылтық ала жүгірді» - Жазира Байырбекова балалық шағындағы қорқынышын еске алды
Ол көп балалы отбасыларда болатын мәселені көрсеткен
Әнші Жазира Байырбекова бала күнгі қорқынышты естелігін жазып, сыр ақтарған деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«7-8 жасымда мектепке барар жолдағы бір үйдің итінен қатты қорқып өтетінмін. Үлкен ит. Адам өткен сайын жұлқынып, үрмей қоймайды, шынжыры жолға дейін жетеді. Мен өтерде ұйықтап жатса екен деп тілейтінмін. Босап кетсе талайтыны анық. Сонда әке-шешемізге қорқып өтетінімізді неге айтпадым екен? Анам үй, аула, ауладағы бау-бақша шаруаларынан босамайтын, оған қолғабыс ететін көмекші де жоұ. Әкеміз біз ұйықтап жатқанда жұмысқа кетіп, ұйықтар алдында келетін. Жексенбі күнгі уақытын бізге арнап, еркелетіп, масақ теруге немесе балық, құс аулауға ертіп баратын. Бір күні Сабира әпкемді ит тістеп алды. Әкем ашуланса ашуы қатты еді. Үйдегі мылтықты алып шығып итті атпақ болды. Сонда үйдің иесі «оны атқанша мені ат» деп мылтықтың алдына тұрып алды. Әкем ашуын басып, ит аман қалды. Қазір ойлаймын, иттен қорқып жүргенімді ата-анама айтпағаным - бала күнгі болмысым ба әлде көп балалы отбасында әр балаға жеке мән беріп үлгермеді ме? Әлде анамның қолы босамайтын болған соң, өз мәселемізді өзіміз шешіп жүрдік пе немесе ата-анаға сезімдерімізді айтып үйренбедік пе екен?! Әр заманның өзінің жақсы-жаман жақтары бар, ия?!» - деп жазды ол.