23.01.2025, 09:40
Қоғам
Түркияда 79 адам көз жұмған қонақ үй сүрілетін болды
Ол әрі қарай пайдалануға жарамсыз
Фото: haberturk.com
Түркияның Карталкая тау шаңғысы курортында өртке оранған Grand Kartal қонақ үйі бұзылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Haberturk телеарнасы билік органдарына сілтеме жасап хабарлады.
«Еліміздің қоршаған орта, қала құрылысы және климаттық өзгеру министрлігінің мамандары сараптама жүргізіп, соның негізінде осы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.
Олар 1978 жылы салынған 12 қабатты қонақ үйдің негізгі құрылымдарына елеулі зақым келгенін, сол себепті ғимаратты одан әрі пайдалану мүмкін еместігі туралы қорытынды жасады.
Еске салсақ, Түркияда демалыс кешенінде өрт болып, 79 адам қаза тапқан еді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
