Жас түлектердің аттестат алу рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

1-10 сыныптарда онлайн-соңғы қоңырау шарасы 25 мамыр күні өтеді

Жас түлектердің аттестат алу рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

Биылғы жыл 1-10 сынып оқушыларының соңғы қоңырау шарасы онлайн режимде өткізіледі. Ал мектеп бітіруші жас түлектердің аттестат алу рәсімі маусымның 3-не ауыстырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталмыш шаралар еркін режим кестесі бойынша өткізіледі. Сондай-ақ, 25 мамыр сағ. 11.00 – телеарналар арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.К. Аймағамбетов түлектерді құттықтайды.

«25 мамырда 1-10 сынаптарда онлайн-соңғы қоңырау шарасы, 3 маусымда мектеп бітіруші түлектерге аттестат пен «Алтын белгі» табыстау рәсімі бұдан бұрын да хабарлағанымыздай мектеп ауласында өткізіледі. Ал балабақшалар қазіргідей «кезекші топ» режимінде жұмысын жалғастырады»-деп хабарлайды Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.

Сонымен қатар, онлайн - соңғы қоңырау барлық мектептерде мүмкіндігінше ата-аналардың, қамқорлық кеңес мүшелерінің, бизнес өкілдерінің, мектепті үздік бітірген бұрынғы түлектердің қатысуымен өтеді. 

Іс-шара мектеп аумағында, ашық аспан астында ұйымдастырылады. Мектеп бітірушілердің мектеп формасымен қатысуы қатаң түрде ескертіледі. Салтанатты рәсімнен кейін «Түлектер аллеясында» ағаш отырғызу жоспарлануда. Бітіру іс-шараларын өткізу күндері мектеп әкімшілігіне құқық бұзушылыққа жол бермеу, санитарлық және эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтау шаралары жүктелді.

Айта кететіні, ағымдағы жылы мектеп бітіру іс-шарасы ҚР БҒМ нұсқаулығы бойынша «Birgemiz: ТҮЛЕК-2020» ұранымен өтеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.