$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.05.2020, 17:12
Қоғам

Алматы 25 мамырдан бастап маскалық режимге көшеді

Аудандарда тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Алматы 25 мамырдан бастап маскалық режимге көшеді

Алматы қаласында карантин нормаларын сақтау бойынша 25 мамырдан бастап маскалық режим енгізіледі, деп жазды  Almaty.tv.

Қазіргі таңда Алматы полициясы әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп, халықты карантин нормаларын сақтау бойынша ақпараттандыруды күшейтуге бағытталған рейдтік шараларын жүргізіп жатыр.

«Біріншіден, біз бүгінде азаматтардың жеке қорғануының негізгі құралдарының бірі болып табылатын маска режимін сақтау туралы айтып отырмыз. Тәжірибе көрсеткендей, кейбіреулер тіпті карантин ережелерін сақтауды тоқтатқан: медициналық маскаларды алып тастап, қонаққа барып жүргендер көп, көпшілігі қолды және үйлерін антисептикпен сүртуді ұмытып кеткен. Ал бұл короновирустық инфекцияның таралуына тікелей әсер ететін факторлар, инфекцияның таралуы үшін қолайлы орта болмақ. Осыған орай, қала билігі азаматтар мен қоғамдық көліктерде жаппай түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Бүгін таңертеңнен бастап полиция қызметкерлері мен аудан әкімдіктерінің арасынан ондаған мобильді топтар құрылды», — деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады. 

Серіктес жаңалықтары