$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.01.2025, 13:40
Қоғам

«Ең соңғы клиенті қалғанша жұмыс істейді»: депутат ХҚКО-лар жабыла ма деген сұраққа жауап берді

Екатерина Смышляеваның айтуынша, Қазақстан азаматтары қандай қызмет түрін таңдайтынын өзі біледі

«Ең соңғы клиенті қалғанша жұмыс істейді»: депутат ХҚКО-лар жабыла ма деген сұраққа жауап берді
Фото: скриншот

Бүгін Мәжіліс кулуарында Azattyq Rýhy тілшісі Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смышляеваға «қазақстандықтар туу туралы куәліктен бастап қызметтің көп түрін онлайн алып жатқан соң, халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылып қалмай ма деген сұрақ туындауы мүмкін бе?» деген сұрақ қойып, оның пікірін білді.

«Әлбетте мүмкін. Қазір адамның Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып алатын қызмет түрлері азайып бара жатыр. Бірақ, біз мына нәрсені естен шығармайық: Қазақстанда әлі де Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, қызмет алғысы келетін адамдар бар. Олар осы құқығын пайдалануы керек. Сондықтан, біз Халыққа қызмет көрсету орталығының соңғы клиенті қалғанша осыны естен шығармауыз керек», - деді депутат.

Оның айтуынша, егде жастағы адамдар сияқты жастар арасында да халыққа қызмет көрсету орталығына өз аяғымен барып, қызмет алғысы келетін адамдар көп. Оның үстіне, депутат атап өткендей, Қазақстанда шалғайдаы елді мекендердің көбі әлі де халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына мұқтаж.

Серіктес жаңалықтары