Өзі ашылып, өзі жабылады – Астанадағы оқушы қоқыс салатын «ақылды» жәшік ойлап тапты (ВИДЕО)
Бақтығали Ерланұлы 38 мектеп-лицейінің 7 «Д» сыныбында оқиды
Астана қаласындағы 38 мектеп-лицейінің 7 «Д» сынып оқушысы Бақтығали Ерланұлы қақпағы өзі ашылып, өзі жабылатын «ақылды» қоқыс жәшігін ойлап тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық білім басқармасына сілтеме жасай отырып.
Жас өнертапқыш үйдегі қоқыс жәшігіне қосымша детальдар жалғап, оны автоматтандырған. Яғни, адамның қолы жақындаса, жәшіктің қақпағы өзі ашылып, 5 секундтан кейін өзі жабылады.
«Менің ойымша, қоқыс жәшіктерінің қақпағын қолмен ашқан теріс. Себебі қақпақтағы көзге көрінбейтін микробтар адамның қолында қалып, ішкі ағзасына өтуі мүмкін. Сондықтан, мен адам қолын алыстан сезіп, қақпағын өзі ашатын жәшік ойлап таптым»,- дейді Бақтығали Ерланұлы.
Осындай өнертапқыштығына қарамастан, Бақтығали тілші болғысы келеді екен.