$ 524.75  540.6  5.12
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте әйелдерге қарағанда ер адамдар көп өледі – ресми статистика

Он ай ішінде қалада 2011 ер адам бақилық болған

Шымкентте әйелдерге қарағанда ер адамдар көп өледі – ресми статистика
Фото: istockphoto.com

Azattyq Rýhy. ақпарат агенттігі аймақтардағы балалардың өлім-жітімі бойынша денсаулық сақтау басқармаларына ресми сауалдар жолдаған еді. Аймақтар арасынан Солтүстік Қазақстан облысы мен Жетісу облыстарының денсаулық сақтау басқармаларынан тиісті жауаптар келген. Бүгін Шымкент қаласының көрсеткіштері бойынша жауап келіп отыр.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы 2024 жылы 10 айда 1 жасқа дейінгі 1000 тірі туған сәбидің 5,1 пайызы шетінеп кеткенін хабарлады. Біздің есептеуімізше, 10 айда мың туған сәбидің 51-і шетінеген.

Басқарма қаладағы сәбилер арасындағы өлім-жітімінің негізгі себептері мынандай деп көрсеткен:

  • баланың перинаталдық кезеңдегі жағдайы;
  • туа біткен даму;
  • жұқпалы және паразиттік аурулар.

Бұдан өзге, ресми жауаптан білгеніміз, 2024 жылғы 10 айда 1688  әйел көз жұмған. Дәл осы кезееңде 2011 ер адам өмірден өткен.

Шымкентте қазір 489 750 бала бар. Бұл қаладағы алпы хаықтың 39,4%-ына тең.

Серіктес жаңалықтары