$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.10.2019, 22:57
Қоғам

Kundelik.kz сайтындағы қателер қашан түзеледі?

Отандық мектептерде осы апта бірінші тоқсанның соңғы аптасы. Мұғалімдер мен оқушылар, тіпті ата-аналар да Kundelik.kz сайтынан шаршаған.

Kundelik.kz сайтындағы қателер қашан түзеледі?

«Күнделіктің жағдайын көріп отырсыздар. Аврал режимде толтырып жатырмыз. Сондықтан Білім басқармалары мен бөлімдерінің, Білім министрлігінің тарапынан ешқандай  жазалау санкциялары қолданбауы тиіс» деп есептейді қазақстандық мұғалім Сұлтан Сүлеев.

 ІТ маманы Ғасыр Құралбайұлы Kundelik.kz порталының кемшіліктері көп екенін айтады.

«Жүктемені көтере алмай еліміздің білім саласының бас порталы ашылмай отыр. Компания дұрыс сервер орнатпайынша бұл мәселе шешілмейді»,-деп түсіндіреді интернет саласының маманы.

 Тоқсанның соңында порталдың рейтингі Zero.kz сайтында бірінші орынды бермей келеді. Алайда ата-аналар мен оқушылар сайттағы бағаларын көруге еш мүмкіндік болмай жатқанын айтады.

«Оқушылардың тоқсан бағасын қорытындылау уақыты жақындаған кезеңде kundelik.kz сайты zero көрсеткіші бойынша №1 орынға көтеріліп кетеді. Бірақ сайтқа кіруде логин мен парольді қайта-қайта сұрап, адамдардың жүйке жүйесіне тиіп жатқаны қынжылтады»,-дейді Ғасыр Құралбайұлы.

Мұғалімдер kundelik.kz сайтындағы қиындықтар мен кемшіліктерді Білім және ғылым Министрлігі шешуі керек деп есептейді. Білім Министрі Асхат Аймағамбетов порталдағы журналды шығарудың қажеттігі жоқтығын ескерткен болатын.

«Журналды кеш  толтыру, бағаларды өзгерту, ата-аналар мен оқушылардың сайттағы белсенділігі т.б  параметрлер бойынша ескертулерді  қолданбау туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығы болуы керек»,-деп өтініш айтады мұғалімдер қаумы.

Серіктес жаңалықтары