31.12.2024, 10:56
Қоғам
Қазақстанда 60 мың адам Жаңа жылды тар төсекте қарсы алатын болды
Олар 31-желтоқсан күні түнгі сағат 00:0-де пойыз ішінде болады
Фото: istockphoto.com
Бүгін, 31 желтоқсан күні Қазақстанның әр бағытындағы пойызға мінген 60 мың адам жылан жылын жолда қарсы алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жолаушылар тасымалы» компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін пойыз ең көп қатынайтын бағыт Астана–Алматы, Астана–Шымкент, Алматы–Шымкент, Астана–Семей және Алматы–Семей бағыттары болып отыр.
«Теміржол қызметкерлері тәулік бойы үздіксіз еңбек етеді. Жаңа жыл түні Қазақстан бойынша вокзалдарда 47 кассир кезекшілік етеді. Ал пойыздарда 73 пойыз бастығы мен 1774 жолаушылар вагонының жолсерігі, жалпы саны 115 пойыз бригадасы қызмет көрсетеді», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты