$ 521.81  543.67  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.12.2024, 11:37
Қоғам

Ақтау ауруханасында 6 шетелдік жатыр, төртеуі – жансақтау бөлімінде

Алты пациент – Әзербайжан мен Қырғызстан азаматтары

Ақтау ауруханасында 6 шетелдік жатыр, төртеуі – жансақтау бөлімінде
Фото: t.me/qr_tjm

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы Ақтау түбінде құлаған ұшақтан аман қалған шетелдіктердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазір ауруханада Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен 6 науқас жатыр. Оның 4-еуі – жансақтау бөлімінде. Біреуінің жағдайы – өте ауыр. Үшеуінің жағдайы – тұрақты ауыр. Ал 2 науқас травматология бөлімшесінде емін жалғастырып жатыр», - деді дәрігерлер.

Облыстық көпбейінді ауруханада ем алып жатқан 6 науқастың 3-еуі – Әзербайжан, 3-еуі – Қырғызстан азаматы.

Естеріңізге салайық, Бакуден Грозныйға бағыт алған Azerbaijan Airlines компаниясына тиесілі Embraer ұшағы Ақтау маңында құлады. Ұшақ бортында 42 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. Апат салдарынан 38 адам қаза тапты, 29 адам аман қалған. Бес экипаж мүшесінің үшеуі апаттан көз жұмды. Жақында Ресей мен Әзербайжан апаттан тірі қалған азаматтарын алып кетті.

Azerbaijan Airlines әуе компаниясы зардап шеккендердің әрқайсысына 20 мың манат (6 миллион теңге), ал қаза тапқан адамның отбасыларына 40 мың манаттан (12 миллион теңге) төлемек.

Серіктес жаңалықтары