$ 523.86  544.34  5.11
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 10:25
Қоғам

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шымкентте сырттай білім алғанын сотта дәлелдеп, 2,8 млн теңге жеңіп алды

Оны Мұнайлы ауданының білім басқармасы жалған дипломмен жұмыс істеп жүр деп айыптаған

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шымкентте сырттай білім алғанын сотта дәлелдеп, 2,8 млн теңге жеңіп алды
Фото: Azattyq ruhy

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында соңғы 12 жыл бойы қазақ тілі және әдебиеті пәнінен сабақ берген мұғалім білім басқармасымен соттасып, дипломының жалған емес екенін дәлелдеп шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жоғарғы соттың хабарлауынша, биыл тексеру жүргізген білім басқармасы мұрағаттан тиісті анықтамалар сұрата отырып, бұл мұғалімнің дипломы жалған деген тұжырым жасаған. Сондықтан ұстазды 2024 жылы жұмыстан шығарып жіберген.

«Бірақ, мұғалім сотқа жүгініп, 2009-2012 жылдары Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің сырттай бөлімінде оқығанын дәлелдеп шыққан. Енді білім басқармасы мұғалім жұмыссыз отырған айлары үшін оған 2,8 млн теңге өндіріп беруі керек. Соттың шешімі заңды күшіне енді», - деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары