Германияда әйелдер түнгі уақытта таксимен тегін қатынайтын болды
Кельн қаласында мың жарым әйелге ваучерлер берілген

Кельн билігі Германияның өзге муниципалитеттерінен үлгі алып, әйелдерге түнде такси төлеуге ваучер беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
Кельн билігі пилоттық жоба арқылы әйелдердің үйіне қауіпсіз жетуіне көмектесу үшін түнгі такси ваучерлерін бере бастады.
Қалалық кеңестің мәліметінше, «Әйелдерге арналған түнгі такси» бағдарламасы бойынша 22:00-ден 6:00-ге дейін таксимен жүру үшін 10 еуроға барлығы 1500 ваучер беріледі.
Ваучерлерді тек Taxi Ruf компаниясында пайдалануға болады. Жобаның аяқталу мерзімі - 2025 жылдың тамызы. Мюнхен қаласы әйелдерге 2020 жылдан бастап түнгі такси ваучерлерін беріп келеді.
Euronews мәліметінше, биылғы сұраныстың артуына байланысты субсидия 5-тен 10 еуроға дейін өсті. Бұл бастаманы Штутгарт, Мангейм және Гисен сияқты басқа қалалар қабылдады.
Неміс бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушылары бұл бастаманы оң бағалағанымен, көптеген адам ірі қалалардағы түнгі таксилердің құны әдетте 10 еуродан асып кететінін атап өтті.