«Күйеуіңіз қазақ па?»: қырғыздың балуан қызын оқырмандары сұрақтың астына алды
Ол жолдасы қырғыз екенін айтып, қысқа қайырған
Қырғыздың балуан қызы Айсұлу Тыныбекова тұрмысқа шығатынын айтқан. Бір қызығы, оның әлеуметтік желідегі оқырмандары спортшының жары қазақ жігіті деп ойлаған. Спортшы Алматыда фотосессияға түскен соң, көпшілік сондай ойда қалған көрінеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жолдасыңыз қазақ па? Сіз қазаққа тұрмысқа шықтыңыз ба? Қазақстанға тұрмысқа шығып кеттіңіз бе?», - деп жазған олар.
Айсұлу Тыныбекова осы сұрақтардың бәрін топтастыра келе «қырғыз жігіті» деп қысқа қайырған.
Айта кетейік, 62 келіде күресетін қырғыз спортшысы Парижде қола жүлде иегері атанған еді. Айсұлу Тыныбекова 2028 жылы өтетін Олимпиадаға да қатысқысы келеді. Ол сондай-ақ Қырғызстанның күрес түрлері федерациясына вице-президент болып сайланған болатын.