«Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ»: Шерзат Полаттың көкесінің өліміне қатысты полиция мәлімдеме жасады
Сарапшылар алдын ала қорытынды жасады
9 желтоқсанда Талғар қаласының шетінде табылған 30 жастағы ер адамның өлімі сот-медициналық сараптама нәтижесінде өзін-өзі асу арқылы болған механикалық асфиксиямен байланысты деп болжануда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Сарапшылардың алдын ала қорытындысы бойынша, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық сипатындағы белгілер анықталмаған. Тексеру кезінде мойын аймағындағы странгуляциялық жарақаттар мен абразиялар асу кезінде пайда болатын жарақаттарға сәйкес келетіні көрсетілген.
«Денедегі жарақаттардың сипаты және мойындағы зақымданулар суицид жағдайларына тән белгілер болып табылады. Сонымен қатар мастоидтық процестегі, желке және құлақ аймағындағы үйкелістен қалған іздер де осы жайтты растайды. Құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты тексеруді жалғастыруда. Тергеу аяқталғанға дейін оқиға туралы басқа болжамдарды тарату заңсыз болып табылады», - делінген хабарламада.
Азаматтарға тек ресми дереккөздерге сенуді және жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз.