09.12.2024, 12:05
Қоғам
Қазақстанда WhatsApp-чаттарға кірген 2 млн адам ақшасынан айырылып қала жаздаған
Қаржы мониторинг агенттігі осындай 300 чатты жапқан
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Қазақстанда қаржы пирамидалары ашқан 300-ге жуық чат жабылған. Ол чаттарға тіркелген 2 млн адам ақшаларынан айырылып қала жаздаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалпы, Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметіне сүйенсек, қаржы пирамидаларына қатысты 68 қылмыс тергеліп біткен. Олардан болған шығын 20 млрд теңгеден асып кеткен.
«Жыл басынан бері интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталды. Оларға қатысты әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылды. Осы чаттарға кірген 2 миллионға жуық адам ақшаларын қаржы пирамидаларына сала жаздаған», - деп хабарлайды ҚМА.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
