$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.12.2024, 21:38
Қоғам

Елімізде балалар арасында семіздік екі есеге артты

Бүгінде балалардың 20%-ы тәтті сусындарды күнделікті ішеді

Елімізде балалар арасында семіздік екі есеге артты
Фото: freepik.com

Соңғы бес жылда балалар арасында семіздік екі есе өсті. 6 мен 9 жас аралығындағы балалардың 20%-ы жоғары дене массасына ие, 7%-ы семіздікке шалдыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

«Бұның бірден бір себебі тәтті сусындарды жиі пайдалану», - деді денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев. 

Белгілі болғандай, бүгінде балалардың 20%-ы тәтті сусындарды күнделікті ішеді, 50%-дан астамы апта сайын тұтынады.

«Бұл семіздік, жүрек қантамыр аурулары, екінші типті қант диабеті, тіпті онкологияның пайда болуына әкелетін өнімдердің бірі. Дене массасының өсуіне тікелей әсер ететін факторлардың бірі де тәтті сусындар», - деді вице-министр.

Бұл реттеаталған өнімдерге салықты арттыру жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары