$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.12.2024, 00:30
Қоғам

Жетісу облысында 72,5 млн теңгенің газ құбырларын ұрлаған күдіктілер ұсталды

Олар 27 бірлік газ құбырын ұрлап кеткен

Жетісу облысында 72,5 млн теңгенің газ құбырларын ұрлаған күдіктілер ұсталды
Фото: Polisia.kz

Жетісу облысында «Транс Азия Констракшн» ЖШС директоры  полицияға арызбен жүгінген. Оның айтуынша, белгісіз адамдар Алматы – Өскемен тас жолының Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасындағы учаскесінде орнатылып жатқан 27 бірлік газ құбырын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Магистральдық газ құбырының құрылысы Талдықорған – Үшарал тас жолында жүргізілуде, оның құны 131,7 млрд теңгеге бағаланады. Жоба 302 шақырым газ құбырын салуды, алты автоматтандырылған газ тарату станциясын орнатуды және жалпы халқы 124 мыңға жуық 66 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге бағытталған.

«Жетісу облысының полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында Алматы облысының тұрғындары болып шыққан үш күдікті анықталып, құрықталды. Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары