$ 495.28  538.32  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.12.2024, 21:07
Қоғам

Атырау облысында ірі көлемде қаржы жымқырған есепші мен директор сотталды

Сотталушылар өз кінәларын мойындап, әрекеттеріне өкінетіндерін білдірді

Атырау облысында ірі көлемде қаржы жымқырған есепші мен директор сотталды
Коллаж: Azattyq Ruhy

Атырау облысы Жылыой аудандық соты сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, талан-таражға салған №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының екі бірдей қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бас есепшісі және уақытша директор міндетін атқарушы Ш. 2021-2022 жылдары өзінің және жақын таныстарының шоттарына 73 млн теңгеден астам қаражат аударған. Бұл қаражат мемлекет мүддесіне қайшы әрекеттер арқылы иемделген. 

Сонымен қатар Орталық директоры Ж. 2022-2024 жылдары осындай әдіспен 6 млн теңгеден астам қаржыны жеке пайдасына жұмсаған. 

Прокурор Ш.-ны 6 жыл 8 айға, ал Ж.-ны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ жәбірленуші Ш.-ға 60 млн астам теңгеге талап қоюын қанағаттандырып, заң шеңберінде жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушылар өз кінәларын мойындап, әрекеттеріне өкінетіндерін білдірді. 

«Сот жеңілдететін мән-жай ретінде Ш.-ның кінәсін мойындауы, залалды ішінара өтеуі және бұрын сотты болмағанын, ал Ж.-ның кінәсін мойындап, залалды толық өтеуі, тергеуге жәрдем көрсетуі және отбасылық жағдайын (жалғыз басты ана) ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот шешімі бойынша Ш. 7 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.  Ж. Қылмыстық кодекстің 55-бабының 4-бөлігіне сәйкес 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектеліп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары