$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.10.2019, 22:01
Қоғам

Күләш Шәмшидинова: «Баланың деңгейі осыдан артпайды» деп бір жақты бағалауға болмайды»

Бүгін 24 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастыруымен «Мектеп әлемін өзгертетін мұғалімдер» тақырыбындағы ХІ ғылыми-практикалық халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады. 

Күләш Шәмшидинова: «Баланың деңгейі осыдан артпайды» деп бір жақты бағалауға болмайды»

Конференция аясында отандық мұғалімдер әлемнің жетекші елдерінен келген ғалымдар мен зерттеушілер, педагогтардың лекциясын, практикалық сабақтарын, мастер-класстарын және Назарбаев зияткерлік мектептерінің көрмелерін көре алады. Конгресс-орталықта Гер Граус, Филиппа Кордингли, Йорам Харпаз, Тео Вуббельс, Сергей Косарецкий, Абдул Рашид сияқты шетелдік танымал тұлғалардың баяндамалары мен шеберлік сабақтары жоспарланған.

Шараның шымылдығын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма басшысы Күләш Шәмшидинова ашты.

«Мұғалімнің жұмысы қиынды оңай ету. Танымал авторлардың бірі Юваль Харари «Біз тұрақты өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз... бұдан былай әрбір жыл түбегейлі өзгерістерге толы болмақ» - дейді. Мұғалім ең алдымен өзіне-өзі сенуі тиіс. Барлық балалардың оқып, дами алатынына, әрқайсысының оқу нәтижелерінің жақсара алатынына сенуі керек, өйткені оның барлығы өзгермелі»,-деп бастады сөзін К.Шәмшидинова.

Сондай-ақ шара барысында педагогика, психология саласындағы мамандар мұғалімдерге ғылыми-практикалық сабақтарын өткізіп тәжірибе аламасатын болады. Конференция Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Білім және Ғылым Министрлігінің қолдауымен өткізіліп жатыр».

Серіктес жаңалықтары