$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.11.2024, 04:00
Қоғам

Ақтөбе облысында көлікті мас күйінде тізгіндеген жүргізуші 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ол бұған дейін 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған

Ақтөбе облысында көлікті мас күйінде тізгіндеген жүргізуші 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото: © istockphoto.com

Ақтөбе облысының Қобда ауылында патрульдік полиция қызметкерлері 21 қараша күні 46 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы ВАЗ-2114 автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі сезіліп, медициналық куәландыру оның жеңіл дәрежеде мас күйде екенін анықтады. Сонымен қатар, 2020 жылы бұл азамат 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. 

«Құқық бұзушы Қобда ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оған 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және өмір бойы жүргізуші куәлігінен айыру қаупі төніп тұр», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары